Нокдаунға түсіп қалған қазақ боксшысы жартылай финалға өтті
Бокс
Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінің қорытынды жекпе-жегінде қазақстандық былғары қолғап шебері өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Талғат Сырымбетов ширек финалда тәжікстандық Әбубакр Муродзодамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол сары құрлық бәсекесінің жартылай финалында бақ сынайды.
Осымен Тайландтағы Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде қазақстандық боксшылар 4 жолдама жеңіп алды. Бұл сары құрлық додасынан ел қоржынына кем дегенде төрттқола медаль түсті деген сөз.