Нұрсұлтан Алтынбек ел қоржынына жартылай финалдың екінші жолдамасын салды

Нұрсұлтан Алтынбек ел қоржынына жартылай финалдың екінші жолдамасын салды
Бокс

Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының үшінші жарыс күні жүріп жатыр. Кезекті сайыс күнінде шаршы алаңға бес қазақстандық бкосшы көтеріледі. Оның үшеуі жекпе-жектерін аяқтап үлгерді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Үшінші жарыс күнінде оныншы жұпта өнер көрсеткен қазақстандық Нұрсұлтан Алтынбек ел қоржынына сары құрлық бәсекесінің жартылай финалының екінші жолдамасын, сондай-ақ, кем дегенде қола жүлдесін салды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз малайзиялық Ахмед Шахаром Мұхаммед Имдадпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. 

Бұған дейін Санжар Тәшкенбайдың жартылай финалға өткенін, ал Даниял Сәбиттің Азия чемпионатымен қоштасқанын хабарлаған болатынбыз.