Қазақстандық балуан жүлдеге бір қадам қалғанда сүрінді
Жекпе-жек
Сали Сабиров
Қазақстандық балуан Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалдық бөлігінде бақ сынады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдер күресінен 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде Моңғолия өкілі Болортуя Хурэлхуумен кездесті. Нәтижесінде моңғолиялық балуан 8:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал, Алтын Шагаева әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.