Екі дүркін Олимпиада чемпионы Лукаш Крпалек салмақ ауыстырды

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Лукаш Крпалек салмақ ауыстырды
Дзюдо

Атақты дзюдо балуаны, чехиялық Лукаш Крпалек аса ауыр салмақтан бұрынғы 100 келіге дейін салмағына қайта оралатын болды, деп хабарлайды  bassport.kz тілшісі.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы әлеуметтік желіде алдағы жоспарын жазған.

Биылғы жылы 100 келіге дейін салмаққа қайта ораламын. Бұл туралы ұзақ ойландым. Сондықтан осы шешімге келдім. Үнемі кедергілерді жеңіп, қиындықтарды еңсерген ұнайды. Бір кездері 100 келіден жоғары салмаққа да ауысып, белесті бағындырған едім. Енді жаңа мотивация керек. Сондықтан бұрынғы 100 келіге дейін салмаққа ораламын. Алдағы Париж Олимпиадасында медаль алу үшін аянып қалмаймын. Оған дейін Португалия татамиінде кездесеміз, - деп жазған спортшы.

Лукаш 100 келіге дейін салмақта 2014 жылы Ресейдің Челебянск қаласында әлем чемпионы атанған. Сосын 2016 жылы Рио Олимпиадасында топ жарды. Екі рет Еуропаны бағындырды.

Олимпиададан соң, 100 келіден жоғары салмаққа ауысты. Бұл қадамы да жаман болмады. 2018 жылы әлем, 2021 жылы Олимпиада ойындарын жеңді.

Айтпақшы, 20217 жылы Дюссельдорфтағы гран-приде ол қазақ балуаны Ержан Шынкеевтен жеңілген еді.