Дзюдошы Нұрлыхан Шархан әлем чемпионына есе жіберді

Дзюдошы Нұрлыхан Шархан әлем чемпионына есе жіберді
Дзюдо

Сали Сабиров

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының екінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы өзбекстандық балуан, 2022 жылғы әлем чемпионы Мұзафарбек Тұробаевтен жеңілді. 

Кездесу 1:1 есебімен өрбіген, алайда, белдесу соңына қарай Шархан қарсыласынан таза жеңілді.

Осылайша, қазақстандық дзюдошылар жекелей сында Париж Олимпиадасын аяқтады. Енді олар аралас командалық сында өнер көрсетеді.