Бокс: Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды

Бокс: Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды
Бокс

Владислав Семенов

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

50 келі салмақта сынға түскен Назым жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді. Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне ие болды.