Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден Олимпиада рекордын жаңартты

Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден Олимпиада рекордын жаңартты
Басқа

Olympic.kz

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін спорттық құзға өрмелеу бәсекесінде қазақстандық Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын жаңартты, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Парижде құзға ормелеуден ерлер арасында жылдамдыққа жарыста қазақстандық Әмір Маймұратов 1/8 финалда Джошуа Брюйнсты жеңіп, ширек финалға өтті. 

Отандасымыз іріктеуде құзға 4,89 секундта өрмелеп, олимпиада рекордын жаңартты. Атлеттер «жылдамдық» дисциплинасы бойынша бақ сынады. Осыдан соң, әрі қарайғы турнир кестесі құрылады. 

Қазіргі таңда алғашқы айналым жалғасуда. Ширек финал ертең, 7 тамыз Қазақстан уақытымен 15:35-те болады.

Айта кетейік, Әмір осы бағдарламада Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының жалғыз спортшысы. Ол кейінгі әлем чемпионатында 27-ші, Азия ойындарында жетінші орынға ие болған еді.