Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола  жүлдегері атанды
Дзюдо

Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық татами шебері Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

66 келі салмақта жұбаныш белдесуіне шыққан отандасымыз кіші финалда сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичті «ваззари» ұпайымен жеңді.

2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері осылайша көптен күткен Олимпиада жүлдесіне ие болды.