Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық жарыста Бразилиядан жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық жарыста Бразилиядан жеңіліп қалды
Дзюдо

Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында дзюдодан аралас командалар сайысы басталды. Қазақстан құрамасы жарысты 1/8 финалдан бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Алғашқы айналымда дзюдошылар Бразилияға 4:2 есебімен жол берді. 

Төменде әр белдесу бойынша нәтиже көрсетілген:

57 кг: Әбиба Абужакынова - Рафаэла Сильва (жеңіліс)

73 кг: Данияр Шамшаев - Даниэль Каргнин (жеңіс)

70 кг: Эсмигуль Куюлова - Кетлейн Куадрос (жеңіліс)

90 кг: Абылайхан Жұбаназр - Рафаэль Мачедо (жеңіс)

70 кг: Камила Берликаш - Беатрис Соуза (жеңіліс)

+90 кг: Нұрлыхан Шархан - Леонардо Гонсальвес (жеңіліс)