Максим Самородов Ресей біріншілігінде ойнайтын команда сапын толықтырды

Максим Самородов Ресей біріншілігінде ойнайтын команда сапын толықтырды
Футбол

Ахмат ФК

Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов ресейлік «Ахмат» футбол клубының сапына ауысты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Қазақстандық футболшы аталған клубпен төрт жылдық келісімшарт жасасты. 

Максим «Ақтөбе» футбол командасының түлегі. Ол «ақ-қызылдар» сапында 94 ойын өткізіп, 18 рет нысананы дәл көздеген.