«Қайрат» академиясы Supernovas жобасы аясында аймақтардан келген талантты балаларды қабылдайды

«Қайрат» академиясы Supernovas жобасы аясында аймақтардан келген талантты балаларды қабылдайды
Футбол

«Қайрат» футбол клубы

Тамыз айының басында Алматыда Қазақстанның шалғай аймақтарынан келген жас футболшыларға арналған іріктеу жиыны басталады. 12 жастағы 16 қатысушы «Қайрат» футбол клубы академиясының жаттықтырушыларына өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Іс-шара «Қайрат» ФК мен коммерциялық емес Supernovas by inDrive жобасының ынтымақтастығы аясында өткізіледі. Бұл жоба шағын қалалар мен ауылдарда балалар спортын жаппай дамытуға бағытталған. 2022 жылы іске қосылған жоба қазірдің өзінде 650-ден астам бала қатысатын тоғыз футбол секциясын ашты. Жиынның негізгі мақсаты – балаларға тұратын жеріне қарамастан тең мүмкіндіктер беру.

«Supernovas жобасы ауылдар мен шағын қалаларда сапалы жаттығуға жағдай жасалмауының, бәрінің бірдей жаттығу мүмкіндігі болмауының алдын алуға арналған. Спорттық құрам жинау жобаның басты мақсаты болмаса да, біз талантты балалардың өздерін дамытуға мүмкіндігі жоқ екенін әділетсіз деп есептейміз. Оларды бұл жиынға қатыстыра отырып, өздерін көрсетуге, әлеуеттерін ашуға мүмкіндік бергіміз келеді», - деп түсіндірді Қазақстандағы жобаның менеджері Тоқтар Ескендіров.

Биылғы іріктеу жиынына Қазақстанның түрлі аймақтарынан 16 бала таңдалды.

«Дәстүрлі түрде «Қайрат» футбол клубы Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең үздік жас футболшыларды жинап тұрады. Іріктеуге қатысу – балалар үшін үлкен мотивация мен зор тәжірибе. Біз Supernovas жобасымен серіктес болғанымызға қуаныштымыз және серіктестігіміз ары қарай да жалғасатынына үміттіміз. Біздің футбол академиясы қазіргі уақыттағы елдегі ең мықты академия және Қазақстан футболын үлкен аренада әйгілі ететін таланттарды іздейді», - деді ФК «Қайрат» бас директоры Асқар Есімов.

Қатысушылардың географиясы кең: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Олардың көпшілігі кәсіби футбол базасында алғаш рет болды.

Іріктеуге қатысатын балалардың есімдері:

1. Есімғали Есімжан, Жәнібек ауылы (БҚО)

2. Есенов Мадияр, Жәнібек ауылы (БҚО)

3. Асқар Бейбарыс, Жәнібек ауылы (БҚО)

4. Тұяқ Алихан, Жәнібек ауылы (БҚО)

5. Есет Нұрмұхаммед, Жәнібек ауылы (БҚО)

6. Сансызбаев Энель, Жәнібек ауылы (БҚО)

7. Русланұлы Аслан, Шалқар қаласы (Ақтөбе облысы)

8. Нұрланұлы Ерасыл, Шалқар қаласы (Ақтөбе облысы)

9. Алтаев Алмат, Шалқар қаласы (Ақтөбе облысы)

10. Мұханбетжан Нұриман, Шалқар қаласы (Ақтөбе облысы)

11. Сақтаған Аслан, Ұлытау ауылы (Ұлытау облысы)

12. Жездібек Бексұлтан, Ұлытау ауылы (Ұлытау облысы)

13. Жұмабек Жансейіт, Форт-Шевченко қаласы (Маңғыстау облысы)

14. Жайлау Диас, Форт-Шевченко қаласы (Маңғыстау облысы)

15. Есмагамбетов Нурислам, Благовещенка ауылы (СҚО)

16. Абайұлы Әлинұр, Ынтымақ ауылы (Түркістан облысы)

Жиын бір аптаға созылады. Бағдарламада академия жаттықтырушылары өткізетін жаттығулар, шеберлік сыныптары және 2012 жылғы «Қайрат» ФК академиясының командасымен өтетін жолдастық матч бар.