Моуринью Португалия құрамасы тізгінін ұстауға мүмкіндігі болғандығын растады
Футбол
Италиялық "Рома" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуринью Португалия ұлттық құрамасы тізгінін ұстауға ұсыныс түскенін, алайда одан өзі бас тартқанын растады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "La Gazzetta dello Sport" басылымына сілтеме жасап.
"Мүмкіндікті пайдалана отырып, Португалия футбол федерациясының президентіне алғыс айтқым келеді. Оның мен туралы айтқан сөздері кеудемді мақтаныш сезіміне кернейді. Ол менің бас бапкер қызметіне қарастырған мамандардың бірі болғанымды айтты. Мен мұнымен мақтанамын. Өзім ұлттық құрама тізгінін ұстаудан бас тарттым. Мен осындамын, бақыттымын және бұл ең бастысы", - деді Жозе Моуринью.
Осыдан бірнеше күн бұрын Португалия футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне испаниялық маман Роберто Мартинес тағайындалғанын хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Роберто Мартинес бұған дейін Бельгия құрама командасымен жұмыс істеді. Моуринью Бразилия құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпарат бар.