Португалия құрамасының бас бапкері жақын арада Роналдумен кездеседі
Футбол
Футболдан Португалия ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Роберто Мартинес жақын арада шабуылшы Криштиану Роналдумен кездеседі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Мaisfutebol" басылымына сілтеме жасап.
- 49 жастағы маман бірқатар ұлттық құрама мүшелерімен кездесу өткізіп үлгерген. Басты мақсат - ойыншылармен байланыс орнату. Әзірге Роберто Мартинестің "Валенсияның" португалиялық ойыншылары Тьерри Корреямен, Андре Алмейдамен, сонымен қатар "Бетистің" футболшылары Руй Силвамен және Вильям Карвальюмен кездескені белгілі.
- Алдағы уақытта Мартинес Роналдумен кездеседі деп жоспарланып отыр.
- 9 қаңтар күні испаниялық маманның Португалия құрамасы бас бапкері қызметіне тағайындалғаны жарияланды. Ол - Португалия ұлттық командасы тізгінін ұстаған үшінші шетелдік маман. Оған дейін Отто Глориа екі рет (1964-1966, 1982-1983 жылдары), Луис Фелипе Сколари (2003-2008 жылдары) елдің бас командасын жаттықтырған.