Қазақстандық балуан күрестен әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Жекпе-жек
ҰОК
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ислам Евлоев Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін отандасымыз 1/8 финалда литвалық Миндаугас Венцкайтисті 4:0 есебімен жеңді.
Бұған дейін Ислам Евлоев алғашқы белдесуінде Мысыр өкілі Мохамед Габардан 5:1 есебімен басым түскен еді.