«Ордабасы» футбол клубы мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды
Футбол
kazfootball.kz
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы ел біріншілігі аяқталуға бір тур қалғанда алтын жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Қайраттың» сырт алаңда «Ақтөбемен» (2:2) тең түсуі оңтүстік клубын мерзімінен бұрын чемпион қылды. Осылайша алматылық команда Ақтөбеде ұпай жоғалтып, чемпиондықтан айырылды.
Бұл - «Ордабасының» ҚПЛ тарихындағы екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін шымкенттік клуб 2023 жылы ел біріншілігін жеңіп алған еді.
Енді Андрей Мартин жаттықтыратын команданың футболшылары Қазақстан кубогының финалында «Қайсар» футбол клубымен ойнайды.