Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола алды

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола алды
Хоккей

ҰОК

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Турнирдегі соңғы ойында қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея құрамасын 5:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды. Бұған дейін ұлттық құрама Жапонияға (0:4) және Қытайға (1:2) есе жіберген еді.

Енді осы екі команда Азия чемпионатының алтын медалі үшін таласады.