Роналду мен Рамос тағы да бір командада өнер көрсетулері мүмкін

Роналду мен Рамос тағы да бір командада өнер көрсетулері мүмкін
Футбол

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду мен "Париж Сен-Жермен" клубының қорғаушысы Серхио Рамос тағы да бір команда намысын қорғаулары мүмкін. Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасы енді Серхио Рамосты клуб құрамына қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Мarca" басылымының мәліметінше, "Әл-Наср" басшылығы Роналдумен қоса, Серхио Рамоспен келісімшартқа қол қою арқылы көп жылдар бойы мадридтік "Реалдың" үлкен жетістіктерінің негізі болған дуэтті қайта жаңғыртпақ ниетте. Алайда Рамоспен келісімшарт жасасу Роналдуға қарағанда қиынырақ болмақ. Бұған ойыншының қазіргі келісімшарты себеп.

Қазір "ПСЖ" сапында өнер көрсететін Серхио Рамостың қазіргі келісімшарты 2023 жылдың жазында, дәлірек айтса, маусым айында аяқталады. Десе де, футболшы қазірден кез келген клубпен келіссөз жүргізуді бастай алады. 

Еске салайық, Серихио Рамос биылғы маусымда 34 кездесуге қатысып, 3 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түсті.