"Қайраттың" алғашқы оқу-жаттығу жиындары аяқталды

Футбол

Алматылық "Қайрат" футбол клубының алғашқы оқу-жаттығу жиындары аяқталып, команда қысқа мерзімді демалысқа аттанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

10 желтоқсан күні басталған оқу-жаттығу жиындары 29 желтоқсанға дейін жалғасты. Команда маусымға дайындықтың екініш кезеңін 8 қаңтар күні бастайды. Бұл кезде құрамға шетелдік ойыншылар Жоао Пауло, Маки Баньяк, Давид Экве, Виктор Васин қосылады. 

Еске салайық, 42 ұпай еншілеген алматылық клуб өткен маусымды төртінші орынмен аяқтаған.