Таразда QJ League мерекесін өткізуге тыйым салды. Бұл қаншалықты дұрыс

Таразда QJ League мерекесін өткізуге тыйым салды. Бұл қаншалықты дұрыс
Футбол

QJ League Тараз қаласында үлкен мереке ұйымдастыруды көздеген. Алайда, Жамбыл облысының басшылығы мен Спорт министрлігі бұған қарсы болды, - деп жазады Bassport.kz. 

Таразда су тасқынының қауіпі төніп тұр. Сол себепті, басшылар спорт шарасын ұйымдастыруға рұқсат жоқтығын айтқан. Ойынды қашанға шегіндіруге болады деген сұраққа да мардымды жауап қатпапты.

Ал кейін Тараз қаласының «Орталық стадионы» бірінші лига аясындағы ойынды өткізіп, бос стадионда 3:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Айта кету керек, бұл кездесуде былтыр QJ League үздігі деп саналған Димаш Серікұлы гол соғып, жеңіске деген өз үлесін қоса білді.

Еске сала кетсек, былтыр 12 мың жанкүйер жиналған матчта да дәл осы аяқдопшы «Тараз» сапынан жалғыз голды соғып еді. 

Өкінішке қарай, кезекті футбол мерекесін өткізу бұйырмады. Тараздықтар, бұл матчты күттіңіздер ме? Ойын өтпегені дұрыс болды ма?