Футболдан Аргентинаны чемпиондық атаққа әкелген бапкер қайтыс болды

Футболдан Аргентинаны чемпиондық атаққа әкелген бапкер қайтыс болды
Футбол

Футболдан Аргентина құрамасының бұрынғы бас бапкері Сесар Луис Менотти 85 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Менотти 1974-1983 жылдар аралығында бас бапкер қызметін атқарды.

Оның жетекшілігімен команда 1978 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл Аргентинаның әлемдік жарыстардағы алғашқы жеңісі болатын. Кейін бапкер Испания мен Аргентина клубтарын және Мексика құрамасын жаттықтырды.

Әзірге бапкердің неден қайтыс болғаны айтылған жоқ.