Алан Адахаев - QJ League I турындағы Mastercard үздік голдың авторы

Алан Адахаев - QJ League I турындағы Mastercard үздік голдың авторы
Футбол

«Жас Қыран» ойыншысы Алан Адахаев «Каспий» қақпасына соққан голы Freedom QJ League I турындағы ең үздік гол болып таңдалды, деп жазады лиганың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Bassport.kz. 

Freedom QJ League телеграм-арнасында I турдың үздік голын анықтау үшін сауалнама жүргізілді.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша «Жас Қыран» ойыншысы Алан Адахаев жеңімпаз атанды.

Ақтауда өткен ойында Алматыдан келген қонақтар алғашқы минуттарда гол соғып, осы матчта өздерінің басымдықтарын белгіледі, ойын «Жас Қыранның» пайдасына 1:4 есебімен аяқталды.

Турдың ең үздік голының авторы өз есебіне дубльді жазып алды, ал екінші голы сауалнамада жеңімпаз болып шықты.