Моуриньо Португалияның ұсынысынан бас тартты

Моуриньо Португалияның ұсынысынан бас тартты
Футбол
Италиялық “Рома” футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо Португалияның ұлттық құрамасы тізгінін ұстау ұсынысынан бас тартқан, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 
59 жастағы маман қазіргі клубымен 2024 жылға дейін жасасқан келісімшартын толық ақтағысы келеді және дәл қазір ұлттық құрамамен жұмыс істеуге қызығушылық танытпайтын көрінеді.
Жозе Моуриньо Португалия ұлттық құрамасы бас бапкері қызметіне үміткерлердің алдыңғы қатарында болды. 
Сондай-ақ, Португалия футбол федерациясы бас бапкерді таңдауда асығыстық танытып отырған жоқ, өйткені ұлттық құраманың келесі ойындары 2023 жылдың наурыз айында өтеді. Сонымен қатар, Федерация Жозе Моуриньоның екі қызметті қатар алып жүруіне қарсылық білдірмегенін атап өту керек. 
Еске салайық, бұған дейін Португалия ұлттық құрамасының бас бапкері Фернандк Сантуш болып, ол команданың әлем чемпионатындағы сәтсіз өнер көрсетуінен кейін қызметінен кеткен.