Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді
Басқа

Астана келер жылы жеңіл атлетикадан "Astana Meeting" халықаралық турнирі өтеді. 2023 жылдың 23 қаңтарында өтеді деп жоспарланып отырған жарыс "World Athletics Indoor Tour" жеңілатлетикалық турының екінші кезеңі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жеңіл атлеттердің басын қосатын турнир бағдарламасында ерлер 60 метрге (кедергілермен), 800 және 3000 метрлерге жүгіру, ядро итеру жарыстарынан сынға түседі. Әйелдер 60, 400, 1500 метрге қашықтықтарға жүгіруде, биіктікке және ұзындыққа секіруде өзара сайысады. 

Осыдан бір жұма бұрын Астанада Әмин Тұяқов жүлделеріне арналған халықаралық турнир өткен, ол қысқы маусымның шымылдығын ашқан болатын.