Садақ атудан Қазақстан әйелдер командасы тарихи медаль жеңіп алды

Садақ атудан Қазақстан әйелдер командасы тарихи медаль жеңіп алды
Басқа

Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп жазады Bassport.kz. 

Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан Эстонияны 231:224 есебімен жеңді. Осылайша, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Одан бөлек, ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен ұтып, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен есе жіберген.

Айта кетелік, әлем кубогі кезеңінде Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметва қорғады.

Бұл садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

Бұған дейін біздің команда кубоктік сындардан мүлде медаль алмаған.