Ескек есу: Қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасына үш жолдама жеңіп алды

Ескек есу: Қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасына үш жолдама жеңіп алды
Басқа

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден лицензиялық Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үш жолдамаға қол жеткізді, деп жазады Bassport.kz. 

Алдымен Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып жетті. Бұл сында тек қана бір квота ойнатылған болатын.

Финалда бәрін басып озған Емельянов пен Хайдаров жұбы 01:44.213 уақыт көрсеткішімен үздік деп танылды.

Содан соң екілік каноэде 500 метрге жарысудан сынға түскен түскен Маргарита Бровкова мен Руфина Искакова жолдамаға қол жеткізді.

Олар финалдық кезеңде бірінші болып келді. Ал бұл қашықтықта жолдама тек жеңімпаз спортшыларға беріледі.

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан командасының мүшелері Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.

Қазақстандық ескек есушілер екі адамдық байдаркамен 500 метрге жарысудан чемпион атанып, Олимпиада жолдамасына иелік етті.