Милана Парфилова көркем гимнастикадан әлем кубогінде 5-орын алды

Милана Парфилова көркем гимнастикадан әлем кубогінде 5-орын алды
Гимнастика

Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Қазақстандық спортшылар Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова жекелеген жаттығулар бойынша финалда өнер көрсетті.

Нәтижесінде, Милана Парфилова шығыршық жаттығуы бойынша бесінші орын алды.

Ал Эрика Жайлауова доп жаттығуы бойынша жетінші орыннан көрінді.

Топтық жаттығу бойынша Қазақстан құрамасы жарысты жетінші орынмнен аяқтады.