15 жастағы Заңғар Нұрланұлы Түркияның бірінші нөмірлі спортшысын жеңіп кетті

15 жастағы Заңғар Нұрланұлы Түркияның бірінші нөмірлі спортшысын жеңіп кетті
Теннис

Қазақстандық 15-жасар Заңғар Нұрланұлы Түркияның Измир қаласында өткен ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші финалда Түркияның үздігі, осы жарыстың 1-ракеткасы Мелих Анаватанды тартысты матчта 3:6, 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Заңғар Нұрланұлы финалға барар жолда Түркияның тағы екі өкілінен айласын асырды.

«Финалдық бәсеке өте тартысты болды. Бірінші сетте есе жібергеннен кейін екінші партияда жоғары ойын деңгейін көрсете алдым. Қорытындысында жеңіске жетіп, жекелей сында 2024 жылдағы алғашқы титулыма қол жеткізгеніме қуаныштымын», - деді Заңғар Нұрланұлы.

Бұл – Заңғардың жекелей сында ITF Juniors жарыстарындағы үшінші табысы. Өткен жылы ол Армения мен Словакияда дәл осындай додаларда үздік шыққан еді.