Қазақстан араға 21 жыл салып әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан араға 21 жыл салып әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол  жеткізді
Хоккей

Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды  Bassport.kz.

Қазақстандықтар Чехия құрамасына қарсы ойнайп, овертаймда 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Келесі ойынды Қазақстан құрамасы 30 сәуір күні Канадаға қарсы өткізеді.

Айта кетелік, өз тобында соңғы орын алған командалар элитадағы орнын сақтау үшін өзара ойнайды.

Бір қызығы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісті  Қазақстан құрамасы 21 жыл бойы күткен.