Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына өтті

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына өтті
Теннис

Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті, деп жазады Bassport.kz. 

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифтің шамасын байқап көрді.

Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетті. Ақыры айқын басымдықпен бітірді - 6:1. Елена екінші сетте 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ - 6:4.

Сағат жарымға созылған матчта Рыбакина 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 136-сатыдағы чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен кездеседі.