Сантуш бас бапкерлік қызметінен кетті
Футболдан Португалия ұлттық құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш қызметінен кетті. Бұл туралы Португалияның футбол федерациясы ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Ұлттық құрама бас бапкері қызметінен үлкен ризашылықпен кетіп барамын. Елдің бас командасының бапкері болу - үлкен бақыт. Оның бас бапкері болу деген мақсатыма қол жеткіздім.
Осы уақыт аралығында бірге жұмыс істеген барлық футболшыларға алғыс айтамын. Әрдайым командаға жеңіс әкелетін шешімдер ақбылдауға тырыстым. Енді команда үшін уайымдайтын жәнеоны шын қолдайтын миллиондаған жанкүйердің бірі боламын", - деді Фернанду Сантуш.
68 жастағы маман Португалия құрамасы бас бапкері қызметін 2014 жылдан бері атқарып келді. Сантуштың жетекшілігімен Португалия құрама командасы 2016 жылы Еуропа чемпионатының, 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасының чемпионы атанды.
Ал 2022 жылғы әлем чемпионатында Португалия жарыс жолын 1/4 финалда Мароккодан (1:0) жеңіліп, аяқтаған болатын.