Фернанду Сантуштың орнын кім басатыны белгілі болды

Фернанду Сантуштың орнын кім басатыны белгілі болды
Футбол

Италиялық "Рома" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо Португалия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайыдалуы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жозе Моуриньоға әлем чемпионатының ширек финалында жарыс жолын аяқтаған Португалия құрамасының бас бапкері қызметін атқару туралы ұсыныс келіп түскен. Ал иатлиялық клуб жаттықтырушысы әлі нақты шешім қабылдамаған. Португалияның футбол федерациясы Жозе Моуриньонің ұлттық құрама мен клубтағы қызметтерін қатар алып жүруіне қарсы емес.

Бірақ Жозе Моуриньо бұған дейін ұлттық құрама деңгейінде жұмыс істеп көрмеген. Ал 2021 жылдан бастап "Рома" футбол клубын жаттықтырып келе жатқан бапкер италиялық командамен бірге Конференция Лигасының жеңімпазы атанды.