Сантуш кететін болды

Сантуш кететін болды
Футбол

Португалия құрама командасының бас бапкері Фернанду Сантуш жақын уақытта өз қызметінен кетеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Португалиялық A Bola сайтының хабарлауыынша жаттықтырушымен арадағы келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданып қойған. Алдағы күндері маман өз қызметінен кетеді. Оның Португалия құрамасымен келісімшарты 2024 жылға дейін болған еді.

Сантуштың жетекшілігімен Португалия құрамасы биылғы Катардағы әлем чемпионатында ширекфинладан аса алмады. Роналду бастаған құрама Мароккодан жеңіліп, турнирден шығып қалған.

Фернанду Сантуш Португалия құрамасын 2014 жылдан бастап жаттықтырып келеді. 2016 жылы ұлттық құрамамен Еуропа чемпионатында топ жарған еді.