Финалдық жолдама сарапқа салынады

Финалдық жолдама сарапқа салынады
Футбол

Футболдан Катардағы әлем чемпионатында бүгін жартылай финалдық кездесу өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әлем біріншілігінің 1/2 финалында Хорватия мен Аргентина кездеседі. Матч Астана уақытымен 01:00-де басталады. Оның тікелей көрсетілімін “Qazaqstan” және “Qazsport” телеарналарынан көруге болады. 

Хорватия жартылай финалға Бразиялияны, Аргентина Нидерланд елін жеңіп шыққанын еске сала кетейік.