Гризманн Франция құрамасының рекордын жаңартты

Гризманн Франция құрамасының рекордын жаңартты
Футбол

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Францияның Англия құрамасына қарсы өткізген кездесуінде (2:1) шабуылшы Антуан Гризманн нәтижелі пас беруден жаңа рекорд иесі атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Форвард бірінші таймда Орельен Тчуаменидің, ал екінші таймда Ольивье Жирудың қарсылас қақпасына гол соғуына жағдай жасап берді. Сөйтіп, ұлттық құрама сапында 28 нәтижелі пас берген франциялық аяқдопшы отандасы Тьерри Анриді басып озып, жаңа рекордтың иесі атанды. 

Антуан Гризманн осы әлем чемпионатында бұл көрсеткішін әлі де жақсарта алады. Өйткені, доп додасының жартылай финалында Франция құрамасы Мароккомен бақ сынасады.