Луис Энрике қызметінен кетті: Испания құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі белгілі
Футбол
Футболдан Испания ұлттық құрамасы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмағаннан кейін, бас бапкер Луис Энрике өз еркімен қызметінен кетті. Ал оның орнына Луис де ла Фуэнте Испания ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Луис де ла Фуэнте бұған дейін Испанияның жастар құрамасымен бірге Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған. 61 жастағы маман 2015 жылы 19 жасқа дейінгі жастар құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының жеңген. Сонымен қатар, 2021 жылы Испанияның U-21 жастар құрама командасымен ЕУРО жеңімпазы атанған.