«Астана» жас қазақ жүйрігін анықтады

Қазақстандық жас спортшы Вадим Пронский Astana Qazaqstan Team командасымен келісімшартын тағы бір маусымға (2023) ұзартты, деп хабарлайды bassport тілшісі.
«Мен жаңа маусымға үлкен жауапкершілікпен қараймын және оны жоғары деңгейде өткізуім керек деп ойлаймын. Кәсіби деңгейде алғашқы жеңісіме қол жеткізу үшін тынбай еңбек етуге деген зор ынта бар. Осыған дейін бірнеше жүлделер де болды, Гранд-турларына да қатыстым. Сондықтан келесі жылы алға жаңа қадам жасамақпын. Мен қазірдің өзінде қызу дайындық үстіндемін, көп ұзамай біздің команда маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына жиналады. Сондықтан тынбай еңбек етсем, нәтиже көп күттірмейді », - деді Вадим Пронский.
Еске сала кетейік, 24 жастағы Вадим Пронский алдыңғы маусымда Адриатика-Ионика бойынша жалпы есепте 3-орын, Альпі туры кезеңінде 7-ші және Испанияның Вуэльта кезеңінде 8-ші орынға ие болды.