Астанада 15 млн теңгелік жүлде қоры бар халықаралық таеквондо турнирі өтеді

Басқа
olympic.kz
14–16 тамыз күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында таеквондо (WT) спортынан Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі (G-1 санаты) өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жарыс World Taekwondo ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген және кадеттер, жасөспірімдер мен ересектер арасында өтеді. Қазірдің өзінде 23 елден 750-ден астам спортшы қатысатынын растады.
Турнирге Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, БАӘ, АҚШ және жеке бейтарап спортшылар (AIN) қатысады.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 15 808 000 теңгені құрайды.