Мартинес Бельгия құрамасы бас бапкері қызметінен кетті
Катардағы футболдан әлем чемпионатында Бельгия құрамасы Хорватиямен болған ойыннан кейін (0:0) төртжылдықтың басты бәсекесіндегі жарыс жолын аяқтады. "Қызыл сойқандардың" бас бапкері Роберто Мартинез өзінің қызметінен кеткенін хабарлады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бельгия - Хорватия матчынан кейін Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес өзінің қызметінен кеткенін ресми мәлімдеді.
"Бұл менің ұлттық құраманың бас бапкері қызметіндегі соңғы матчым болды. Жұмысты бұлай жалғастыра алмаймын. Ойыншылармен және команданың өзге қызметкерлерімен қоштастым. Қандай жағдай боларына қарамастан, ұлттық құрама бапкері қызметінен кетуді жоспарлап жүрдім. Әлем чемпионы атансақ та, қызметімнен кетер едім. Бұл шешімде әлем чемпионаты басталғанға дейін қабылдадым", - деп келтіреді HLN Роберто Мартинестің сөзін.
Биыл "қызыл сойқандар" 24 жылда бірінші рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алған жоқ.