Джиу-джитсу: Мерей Қабдуллаев Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді
Жекпе-жек
Никита Басов
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ Азия ойындарында күміс медаль алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз финалдық белдесуде Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Надамен кездесіп, тартысты жекпе-жекте қарсыласына есе жіберді.
Осылайша Мерей Қабдуллаев жазғы Азия ойындарын күміс медальмен аяқтады.