Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстан құрамасының дзюдошылары Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде бақ сынады, деп хабарлайды Bassport.kz.
66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев екінші айналымда жапониялық Такеши Такеокаға жол берді.
Ал Ақылжан Жұбатқанов дәл осы салмақта тәжікстандық Нурали Эмомалиден жеңіліп қалды.
Осылайша қос дзюдошы әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.