Бублик жұптың сында Қытайдағы ATP 500 турнирінің финалына шыға алмады

Бублик жұптың сында Қытайдағы ATP 500 турнирінің финалына шыға алмады
Теннис

gettyimages.com

Қазақстандық теннисші Александр Бублик қытайлық спортшы Шан Цзюнчэнмен бірге Пекинде өткен беделді ATP 500 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Олар нидерландылық Сандер Арендс пен Давид Пел жұбына қарсы кортқа шығып, қос сет қорытындысы бойынша 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Тартысты өткен кездесу 1 сағат 3 минутқа созылды.