Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирде әлемнің 118-ракеткасынан жеңіліп қалды
sports.kz
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың екінші айналымынан бастаған отандасымыз рейтингіде 118-орында тұрған Армения өкілі Алина Чараеваға есе жіберді.
2 сағат 12 минутқа созылған тартысты бәсеке 6:3, 4:6, 3:6 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Бұл матч Рыбакина үшін ерекше мәртебеде өтті, өйткені ол кортқа алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы ретінде шыққан болатын.
Теннисші бұл сәтсіздігін жуырда ғана өткен US Open турниріндегі жеңісінен кейін толыққанды қалпына келіп үлгермегенімен және ойын соңында аяғында пайда болған ыңғайсыздықпен түсіндірді.
Енді қазақстандық спортшы қалпына келу үшін бір апталық үзіліс алатынын мәлімдеді. Бейжіңдегі алғашқы матчы үшін Рыбакина 36 110 доллар табыс тауып, 35 рейтингілік ұпай еншіледі.