Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны қабылдады

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны қабылдады
Теннис

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен және әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Bassport.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Елена Рыбакинамен кездесуде оның жетістігінің тарихи маңызына тоқталып, бұл жеңістер Қазақстан спортының дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтті. 

– Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылып жатыр. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы теннисшінің спорттағы жетістігімен қатар, адами қасиеттерін де жоғары бағалады. 

– Сіз кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылығыңызды байқатасыз. Ішкі мәдениетіңіз жоғары екенін үнемі айтып жүремін. Қазақстанды спортқа, әсіресе тенниске қолдау көрсететін өркениетті әрі дамыған мемлекет ретінде таныту тұрғысынан мұның маңызы өте зор, – деді Президент. 

Елена Рыбакина семлекет басшысына тұрақты қолдауы және Қазақстанда үлкен теннистің дамуына ерекше көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс білдірді. Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан халықаралық жарыстарда өнер көрсетуді мақтан тұтатынын айтып, алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жанкүйерлерін жаңа жеңістерімен қуантуға ниетті екенін жеткізді.