Шевченко Азия ойындарының үшінші айналымына шықты
Теннис
ҚТФ
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемнің 109-шы ракеткасы саналатын отандасымыз ерлер арасындағы жекелей сынның екінші айналымында Непал спортшысы Абишек Бастоланы 6:2, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Жеңіске жету үшін Александрға 1 сағат 8 минут жеткілікті болды.
Енді ол келесі кезеңде Таиланд өкілі Максимус Джонспен шеберлік байқасады.