Айдова бастаған спортшылар Нидерланд елінде дауыс берді

Айдова бастаған спортшылар Нидерланд елінде дауыс берді
Қысқы спорт

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Осы тұста Нидерланд елінде әлем кубогының екінші кезеңінде бақ сынап жатқан конькимен жүгірушілер спортшылар да азаматтық міндеттерін атқарып, дауыс берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ұлттық конькишілер федерациясы Қазақстанның Нидерланд мемлекетіндегі елшілігімен бірлесіп, Херевен қаласында конькимен жүгіруден ұлттық құрама үшін дауыс беру процесін ұйымдастырды. Спортшылар жарыс өтіп жатқан “Тиалф” мұз айдынында өз таңдауларын жасады.