Тарихи медаль: Денис Никиша шорт-тректен әлем чемпионатының күмісін жеңіп алды

Тарихи медаль: Денис Никиша шорт-тректен әлем чемпионатының күмісін жеңіп алды
Қысқы спорт

Шорт-тректен Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша күміс медаль иеленді.

Қазақстандық спортшы 500 метрге жарысудан мәре сызығын екінші болып кесті. Оның нәтижесі - 41.676.

Алтын медальді Қытай, қоланы Канада спортшылары иеленген.

Айта кетелік, бұл отандық шорт-трек тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тарихи медаль.

Бұған дейін Қазақстан командасының өкілдері ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған емес.