Анастасия Городко әлем чемпионатында кезекті медалін жеңіп алды

Анастасия Городко әлем чемпионатында кезекті медалін жеңіп алды
Қысқы спорт

Фристайл-могулдан Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық Анастасия Городко өзінің екінші медалін жеңіп алды, деп жазады Bassport.kz. 

Спортшы параллельді могулдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Финалда ол америкалық Кайл Кариотиске есе жіберді.

Осылайша, Городко осыдан екі жыл бұрынғы жетістігін тағы қайталап, әлем чемпионатында алған жүлделер санын төртке жеткізді.

2022 жылғы чемпионатта қазақстандық спортшы параллельді могулдан алтын, жекелей сында күміс медаль алған еді.