Елдос Сметов араға тоғыз жыл салып, Астана татамиінде жүлде алды

Елдос Сметов араға тоғыз жыл салып, Астана татамиінде жүлде алды
Дзюдо

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов медальсіз турнирлер сериясын аяқтап, Астанадағы Grand Slam додасында қола жүлдегер атанды, деп жазады Bassport.kz.

60 келі салмақта белдескен Сметов кіші финалда әзербайжандық Ахмад Юсифовті ұтты.

Осылайша, біраз уақыттан бері әлемдік турнирлерде жүлде алмаған Елдос Сметов өз еліміздегі жарысты қола медальмен аяқтап отыр.

Айта кетелік, қыздар арасында Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің чемпионы атанды.