Ғалия Тынбаева тұңғыш рет Grand Slam жеңімпазы атанды

Ғалия Тынбаева тұңғыш рет Grand Slam жеңімпазы атанды
Дзюдо

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды, деп жазады Bassport.kz.

Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді.

Қазақстандық спортшы алдымен "ваззари", кейін "иппон" ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының алтынын алып отыр.

Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек.