Допты хоккей: «Ақжайық» қорытынды матчында мәскеулік команданы жеңді

Допты хоккей: «Ақжайық» қорытынды матчында мәскеулік команданы жеңді
Қысқы спорт

Ресейдің Иркутск қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық турнирінде оралдық «Ақжайық» қорытынды матчын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


 Б тобында Николай Шавалдиннің шәкірттері «Динамо-2» (Мәскеу) командасымен айдынға шықты. 


 Тартысты өткен ойында оралдықтар 6:4 есебімен басым түсті. 


 «Ақжайықтан» ресейлік сұрмерген Максим Пахомов бес голдың авторы атанса, тағы бір допты қарсылас қақпасына Дәурен Оралов енгізді.  


Осылайша, «Ақжайық» өз тобында үш кездесуінде ұтылып қалса, екеуінде жеңіске жетіп, 6 ұпайға ие болды.